-
Геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – кеңістіктік-бөлінген ақпаратты жинақтау, басқару, талдау және бейнелеп көрсетуге арналған кешен.Геоақпараттық жүйелер – қарапайым деректер қорының (атрибутивтік ақпарат) электрондық карталар мен қуатты графикалық құралдармен үйлесуі.
Қолданыстағы технологияларға, дайындалған кадрларға сүйене отырып Компания ГАЖ-технологияларды қолданып графикалық, картографиялық материалдарды мыналар үшін әзірлейді:
• өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларына;
• көлікке (темір және автомобиль жолдары);
• инженерлік желілерге (сумен жабдықтау, су бұру, байланыс, телекоммуникация, электрмен жабдықтау);
• экологиялық мониторинг және төтенше жағдайлар;
• әлеуметтік инфрақұрылымдар.