header

  • Сәлемдесу сөзі

    Сәлемдесу сөзі

    «ASTANA-PROJECT» ЖШС-ның ресми веб-сайтында қауышқанымызға аса ризамыз!

    directorБіздің компанияның басты қағидаты сапа және жылдамдық – аумақтық жоспарлау, модельдеу, болжау, құрылыстағы жобалау және инжиниринг саласындағы біздің клиенттеріміздің сенімі мен ризалығының негізі.

    Ортақ іске бар ынтасын салатын, «ASTANA-PROJECT» ЖШС-ның философиясын бөлісетін жоғары білікті мамандар тобы аталған міндетті орындауға мүмкіндік береді.

    Компания қызметкерлері оның басты құндылығы болып табылады, жөнге қойылған және қажырлы еңбектерінің арқасында ортақ мақсаттарымызға қол жеткізіп, түпкі ойымызды іске асырып, алғашында алынбастай болып көрінетін шыңдарды бағындырып келеді.

    Қызмет ету жылдары компанияның ортақ ісіне бар ынтасымен қарайтын кәсіби шеберлер ұжымын құрдық. Компания қызметкерлері – бұл жоғары білімі және ғылыми дәрежесі бар мамандар. Жұмыс жасап келе жатқан жылдары мүлтіксіз қызмет пен теңдестірілген оңтайлы шешімдер таба білудің арқасында ондаған серіктестер мен «ASTANA-PROJECT» ЖШС арасында ұзақ мерзімді іскерлік қатынас орнаттық және қазіргі таңда Қазақстандағы ең сенімді және тұрақты дамушы қала құрылысы компанияларының арасында өз орнын тапқан.

    Біздің сайттың парақшаларынан тапқан ақпараттарыңыз Сізге пайдалы болады деп сенеміз және сындарлы ынтымақтастыққа ықпал ететін өзара тиімді диалог құруға дайынбыз.  Сіздерге жақсылық, сәттілік, бақыт, ал сүйікті қаламызға гүлдену тілейміз.

    Ізгі ниетпен, «Astana-Project» ЖШС директоры Әсемгүл Әміркенова

  • Компания туралы

    Компания туралы

    «ASTANA-PROJECT» ЖШС қала құрылысы компаниясы (бұдан әрі – Компания) 2002 жылы құрылған. 14 жылдан артық уақытта Компания мына бағыттар бойынша 50-ден аса жобаларды іске асырды: аумақтық жоспарлау, модельдеу, болжау, ғимарттар мен құрылыстар жобалау, құрылыстағы инжиниринг.

    Компанияның жобалау қызметіне арналған І санаттағы – технологиялық жобалау; инженерлік жүйелер мен желілерді жобалауға; қала құрылыстық жобалауға (10.08.2015 жылғы № 15015760), ізденіс қызметтеріне (31.10.2002 жылғы №010044) мемлекеттік лицензиясы бар. Жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу қызметі, ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы сапа сертификаты (№KZ.7100996.07.03.00155); Экологиялық менеджмент жүйесінің сертификаты (KZ7100996.07.03.00156) бар.
    Компания Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жүргізу үшін аккредиттелген. Компания жобалау нарығында төлемге қабілетті қатысушы болып табылады, салықтар, міндетті зейнетақы салымдары, кәсіби зейнетақы салымдары және әлеуметтік аударымдар бойынша банктік және салықтық берешектері жоқ.

    Қызмет ету жылдары компания кәсіби мамандар командасын құрды: ұтымды аумақтық қала құрылыстық жоспарлауға бағытталған іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін, ғимараттар мен құрылыстар жобалауды, құрылыстағы инжинирингті жүзеге асыратын техника және экономика ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD, білікті қала құрылысшылар, математиктер, экологтар, гис-мамандары, экономистер, сәулетшілер.

    Компания тиімді қызмет көрсетуге арналған заманауи техникалық және бағдарламалық қамсыздандырумен жабдықталған.

  • Компания құрылымы

    Компания құрылымы

    struktura

  • Компанияның миссиясы

    Компанияның миссиясы

    «ASTANA-PROJECT» ЖШС қала құрылысы компаниясының миссиясы Қазақстан Республикасындағы өңірлік әлеуметтік-экономикалық және қала құрылыстық процестердің алға жылжуына компанияның қатысуы; мемлекет пен бизнес серіктестігі қағидаттарымен елдің қала құрылыстық, ғылыми-зерттеушілік әлеуетінің дамуына ықпал ету; ең жақсы басқарушылық, экономикалық және әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында ғылыми-негізделген тәсілдер мен оңтайлы модельдерді қолдана отырып аумақты ұтымды жоспарлау және дамыту болып табылады.

  • Компанияның болашаққа көзқарасы

    Компанияның болашаққа көзқарасы

    «ASTANA-PROJECT» ЖШС 2020 жылға қарай жобалау қызметінің, аумақтық жоспарлаудың тиімділігін арттыру, геоақпараттық жүйелер қызметін жандандыру, белсенді маркетинг жасау, қаржыландырудың нарықтық көздерін тарту, компания активтерін басқару тиімділігін өсіру, корпоративтік басқару тиімділігін енгізу, дамыту және арттыру арқылы Қазақстан

    Республикасындағы салалық жобалау және ғылыми ұйымдар арасында көшбасшылар қатарына кіреді.
    «ASTANA-PROJECT» ЖШС көрсететін қызметтер тұтынушыларының көзқарастары бойынша қала құрылысы, экономика мен аумақтық жоспарлау саласындағы ғылыми зерттеулер мәселелерін шешуде қызметінің тиімділігін үнемі арттыра отырып сенімді әрі тұрақты серіктес келбетін қалыптастырған.

    «ASTANA-PROJECT» ЖШС өзінің корпоративтік басқару деңгейін арттыруға, өз қызметкерлерінің кәсіби өсуіне, компанияның дамуына олардың белсенді қатысуына ұдайы ықпал етеді және ол тиімді және кәсіби ғылыми-зерттеу және консалтингтік ұйымға айналады.

  • Компанияның стратегиясы

    Компанияның стратегиясы

    • Қала құрылыстық жоспарлау және объектілерді жобалау бағытында жұмыс тиімділігін арттыру;
    • Экономика саласында көрсетілетін қызметтер көлемін арттыру;
    • Маркетингтік қызметті жандандыру;
    • Компанияның халықаралық консалтингтік кеңістікке кіруін жандандыру, компанияның зерттеулеріне озық шетелдік тәжірибені бейімдеу;
    • Нарықтық қаржыландыру көздерін тарту жолымен «ASTANA-PROJECT» ЖШС құнын арттыру;
    • Корпоративтік басқару тиімділігін арттыру;

Тақырыптық жаңалықтар

ҚР, Астана қ., Жайдарман, 1, ВП-5
+7 (7172) 99 90 29 ; +7 (7172) 30 99 57
© 2018 "Astana - Project" ЖШС Барлық құқықтар қорғалған. http://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.