header

Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

  • Эскиздік жобалау

    Эскиздік жоба – объектіні жобалаудың бастапқы кезеңі болып табылады, салынатын құрылыстың конфигурациясы туралы, оның сыртқы көрінісі, жер телімінде орналасуы, қабаты, жоспары, функционалдық мәні, құрылымдық сызбасы және құрылыстың жалпы әдісі туралы концептуалдық шешімдер қабылданады.

    Ғимаратты учаскеде орналастыру кезінде біздің компания құрылыс салудың барлық нормаларын және өрт пен санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

    Біз уәкілетті органдар мен қала құрылыстық кеңестерде келісу мен бекітуді қамтамасыз етеміз.

  • Жұмыс жоспарлануы

    Өндірістік, тұрғын үй-азаматтық объектілердің, инженерлік желілердің құрылысына арналған жұмыс жобаларын құрылыс ережелеріне және нормативтік-әдістемелік құжаттамаға сәйкес әзірлеуді ұсынамыз.

    Мына бөлімдердің әзірленуін қамтамасыз етеміз: бас жоспар және көлікті ұйымдастыру, технологиялық шешімдер, сәулет-құрылыс шешімдері, инженерлік желілердің, байланыс және дабыл құралдары жүйелері мен жабдықтарының, электр жабдықтарының негізді шешімдері, қоршаған ортаны қорғау, сметалық құжаттама, жобаның энергетикалық паспорты, жобаны сараптамалық ұйымдарда келісу және сүйемелдеу.

  • Интерьер дизайны

    Интерьер дизайны – жайлылық және орта мен адамның эстетикалық жағымды өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында үй-жайлар интерьерін жасауға бағытталған дизайн саласы.

    Клиенттердің талаптарына сәйкес ірі үй-жайлардағы навигацияны жақсартып, мамандандырылған үй-жайларды безендіруді әзірлей отырып, еңбектің оңтайлануын орындаймыз.

    Біздің компания дизайнері интерьер безендірілімінің барлық процесін басқарады: үй-жайды, жарықтандыруды, желдету жүйесін, акустиканы, қабырға бөліктерін жоспарлаудан бастап, жиһаздарды орналастыру мен навигациялық белгілерді орнатуға дейін.

  • Қайта жоспарлау және реконструкциялар

    Қайта жоспарлау және реконструкциялар – объектінің қолданыстағы техникалық-экономикалық көрсеткіштерін өзгерту және оның қолданылу тиімділігін арттыру мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу.

    Қолданыстағы жобалау нормаларына сәйкес ғимараттарды (объектілерді) реконструкциялау кезінде компания мыналарды жүзеге асырады:
    • ғимарат беріктігіне әсер етпейтін үй-жайлар жоспарын өзгерту, ал қажетті негіздер мен келісулер болған жағдайда жапсарлай-жалғастырылған үй-жайлар салу немесе оларды жартылай бөлшектеу;
    • сыртқы желілерді (магистральдықтарды қоспағанда) қоса инженерлік жабдықтар деңгейін арттыру;
    • ғимараттардың (объектілердің) сәулеттік мәнерлілігін жақсарту, сондай-ақ маңайындағы аумақтарды абаттандыру, көрсетілетін қызметтер сапасы мен санын арттыру.

Тақырыптық жаңалықтар

ҚР, Астана қ., Жайдарман, 1, ВП-5
+7 (7172) 99 90 29 ; +7 (7172) 30 99 57
© 2018 "Astana - Project" ЖШС Барлық құқықтар қорғалған. http://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.