header

Қала құрылыстық жобалау

  • Облыс аумақтарын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемалары

    Біздің компания облыс аумақтарын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемаларын әзірлейді және оларда облыстың әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық және басқа арнайы шарттарына сүйене отырып облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарын стратегиялық қала құрылыстық дамыту саласындағы мемлекеттік саясат, сондай-ақ мемлекет пен жекелеген өңірлердің өзара мүдделі салалары айқындалады.

    Кешенді схемаларда бас схема мен өңіраралық схемалардың негізгі ережелерін талдап тексеру мақсатында жүзеге асырылады:
    • пайдалану регламенті бар аумақтың қала құрылыстық аймаққа бөлінуін белгілеу;
    • қоныстану жүйесін жетілдіру;
    • экономикалық дамыту тұжырымдамасын анықтау және аумақтың жоспарлы ұйымдастырылуын жасау;
    • қонысаралық маңызы бар әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдарды, демалыс және туризм орындарын дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

  • Аудан аумақтарын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемалары (жобалары)

    Аудан аумақтарын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемалары (жобалары) жобалау жұмыстарының бір түрі болып табылады. Олардың негізгі мақсаты кәсіпорындарды ауылдар мен кенттердің нақты аумағында, көлік жолдарын, инженерлік коммуникациялар мен халықтың бұқаралық демалыс орындарын біршама ұтымды және өзара байланыстырып орналастыру болып табылады.

    Аудан аумақтарын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемалары (Аудандық жоспарлау жобасы) мыналар үшін әзірленеді:
    • аудандар мен ауылдық (селолық) округтер аумақтары;
    • аумақтық-өндірістік кешендер;
    • ірі қалалардың қала маңындағы аймақтар;
    • рекреациялық, курорттық-сауықтыру мақсатындағы аумақтар;
    • табиғи-қорықтық аймақтар.

  • Қала маңы аймақтары аумақтарын жоспарлау жобалары

    Компания Қала маңы аймағын жоспарлау жобасын (қала маңы аймағының жобасы) қаланы аумақтық дамытудың құрамдас бөлігі ретінде әзірлейді және оның жоспарлық құрылымы қаланың және қалаға іргелес жатқан әкімшілік облыстық аудандар аумағының (аумағы бөлігінің) бас жоспарының негізгі жоспарлық элементтерімен өзара байланысты.  

    Қала маңы аймағының жобасын әзірлеу біртұтас шаруашылық-экономикалық және қала құрылыстық кешеннің дамуын үйлестіру және халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту, қала мен оның іргелес аймақтарын тұрақты дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

    Қала маңы аймағының жобасы орталық-қала мен қала маңы аймағының құрамына кіретін әкімшілік аудандардың жергілікті атқарушы органдары аумақты дамыту мен пайдалану мәселелері бойынша келісімді шешімдер қабылдау үшін қызмет етеді және қарастырылатын аумақтағы өңірлік және мемлекеттік мүдделердің есепке алынуын қамтамасыз етеді.

  • Қалалық және ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары

    Компания Бас жоспарларды елді мекен аумағын жоспарлауға кешенді түрде қарауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларға және олардың қала маңы аймақтарына әзірлейді. Бас жоспар әлеуметтік және экологиялық критерийлерге негізделген, адамның қажеттіліктері мен аумақтың ресурстық сыйымдылығын жан-жақты ескерген негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

    Бас жоспар мына мақсаттармен әзірленеді:
    • халық санының өсімі мен жұмыспен қамтылу болжамын анықтау;
    • жобаланушы аумақтағы инвестициялық процестерді ұзақ мерзімді жоспарлау;
    • қаланы аумақтық дамытудың ұзақ мерзімді перспективасын әзірлеу;
    • жоспарлық құрылымды қалыптастыру бағыттарын айқындау;
    • аумақты, жалпы қалалық маңызы бар объектілерді қала құрылыстық аймаққа бөлу, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
    • инженерлік жабдықтар жүйесін дамыту, аумақты инженерлік даярлау және абаттандыру;
    • аумақты қауіпті табиғи және техногендік процестерден қорғау;
    • табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраны сақтау.

  • Елді мекендер шекараларының (шегі) жобалары

    Компания елді мекендер шекараларының (шегі) жобаларын елді мекендер аумағының өлшемдері мен шекараларын белгілеу, оларды жергілікті жерге жатқызу және шығарып тастау үшін әзірлейді.

    Шағын қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің шекараларының жобалары аталған елді мекендер бас жоспарларының құрамында әзірленеді.

  • Қала бөліктері мен басқа елді мекендерді жоспарлау жобалары

    Компания бөлшектеп жоспарлау жобасында көлемдік-кеңістіктік, инженерлік-экономикалық және сәулеттік-көркемдік құрылыс шешімдері бойынша, тарихи және мәдени  ескерткіштерді қорғау аймақтарын пайдалану режимі бойынша ұсыныстар әзірлейді.

    Бөлшектеп жоспарлау жобасы мына негізгі бағыттарды белгілейді:
    • функционалдық-қала құрылыстық аймаққа бөлуді айқындай отырып аумақты жоспарлы ұйымдастыру;
    • қызыл сызықтар мен құрылыс салуды реттеу сызықтарын;
    • халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру, көше-жол желілері мен көліктік қызмет көрсетуді, инженерлік коммуникациялар тартуды ұйымдастыру үшін аумақтарды резервке қою;
    • көшелердің көлденең қималарын;
    • аумақты абаттандыру және көгалдандыру;
    • көпшілікке арналған қала құрылыстық шектеулер және басқа да талаптар.

  • Құрылыс салу жобалары

    Компания Құрылыс салу жобасын қызыл сызықтармен белгіленген шекараларда немесе жер учаскелерінің шекараларындағы орамдар, шағын аудандар және  қалалық және ауылдық елді мекендердің жоспарлық құрылымындағы басқа элементтер аумақтары үшін әзірлейді.

    Құрылыс салу жобасы мыналарды айқындайды:
    • сәулеттік кешендердің композициялық шешімдерін;
    • ғимараттар мен құрылыстар типтерін;
    • олардың құрылысы немесе реконструкциялану ретін;
    • функционалдық пайдаланылуын;
    • инженерлік коммуникациялар төсеуді;
    • аумақты абаттандыруды;
    • көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жаяу жүргіншілер қозғалысы қағидаттарын ұйымдастыруды;
    • құрылыстың ұйымдастырылуы тәртібі мен сметалық құнын.

Тақырыптық жаңалықтар

ҚР, Астана қ., Жайдарман, 1, ВП-5
+7 (7172) 99 90 29 ; +7 (7172) 30 99 57
© 2018 "Astana - Project" ЖШС Барлық құқықтар қорғалған. http://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.